Петропавлда екі балада туу туралы куәлік жоқ екені анықталды

Петропавлда екі баланың жеке құжаттарының жоқтығы пробация қызметкерлерінің тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2020 және 2023 жылы туған балалар анасымен, атасымен және сотталып келген анасының ағасымен тұрады. Отбасының жағдайы төмен. Үйдің бір бөлігі апатты жағдайда. Балалардың анасы жұмыс істемейді, сотталған азамат алкогольді ішімдіктерге бейім. Қазіргі уақытта оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешіліп жатыр. Балалар медициналық тексеруден өтіп, уақытша өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығын паналауда.

Пробация мамандары жалпы 130-дан астам есепте тұрған тұлғаны тексерген. Барлығы 13 бұзушылық анықталды. Барлық мұқтаж жанға жұмысқа орналасуға, әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жағдай жасалған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ақпан айы жылы болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x