СҚО-да екі нысан терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын ескермеген, арасында балабақша да бар

СҚО полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді қайта бастады. Нәтижесінде екі мекеменің басшысы 50 және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл арқалады,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий аяқталды. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нысандардағы терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.

«Терроризмге қарсы қорғалу жағдайы қазіргі заманғы инженерлік-техникалық жабдықтың болуына, персоналдың кенеттен туындайтын дағдарыстық жағдайда әрекет етуге дайындығына да байланысты. Бұл үшін объектілердің басшылығы оқу-профилактикалық және өзге де іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Ең алдымен полиция қызметкерлері білім беру нысандарын тексерген. Нәтижесінде, балабақшалардың бірінде бейнебақылау және дауыстап хабар беру жүйесіндегі кемшіліктер анықталған», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп бұрын бұзушылықтар анықталған стратегиялық нысандар тексерілді. Белгілі болғандай, олардың бірінің басшысы олқылықтарды дер кезінде түзетпеген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі балада туу туралы куәлік жоқ екені анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x