Қазақстандықтардың зейнетақы салымдары жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат Қазақстанда өндірілген жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады. Оған 178 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Вагондар «ЗИКСТО» зауыты мен «Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-нен сатып алынады. БЖЗҚ облигацияларын «Бәйтерек» Ұлттық холдингі сатып алады. Министрдің сөзінше, бұрындары да «Бәйтерек» облигациялардың басым бөлігін сатып алған инвестор екен.

«БЖЗҚ негізі «Бәйтерек» облигацияларын бірінші рет сатып алып отырған жоқ. БЖЗҚ да өз кезегінде табыс табу үшін, оның ақшасы айналымда болуы керек. Олар сенімді қаржы құралдарына инвестиция салуы тиіс. Әрине, квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына да. Бұл – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін сенімді инвестициялар. Ақша экономикада қалады», – деді Қуантыров Үкіметтегі брифингте.

Тағы оқыңыз:СҚО тұрғындары алкогольді көп ішетін өңірлердің төрттігіне енді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x