СҚО-да дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тұрғындарға кеңес береді

Солтүстік Қазақстан облысында телемедицина саласында пилоттық жоба іске қосылды. Оны жүзеге асыру үшін 2023 жылдың маусымында Франция үкіметі 650 мың еуро көлемінде грант бөлген. Жоба ауыл тұрғындарын бейіндік медицина мамандарынан кеңес алуға мүмкіндік береді. Бүгін өңірдегі телемедицинаның ашылу салтанаты болып, оған ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі 

Пилоттық жобаны француздық C3Medical және HopiMedical компаниялары жүзеге асырып жатыр. Олар шалғайдағы елді мекендерде қажетті құралдарын орнатты. Енді ауыл тұрғындары Петрпавлдағы облыстық көпбейінді аурухананың бейінді дәрегерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес ала алады. СҚО-да жалпы 630 ауыл бар.

СҚО-да дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тұрғындарға кеңес береді

«Ел бойынша ауылдық тұрғындардың саны 40 пайыз болса, осы СҚО-да елді мекендерде тұратын адамдар саны 70 пайызды құрайды. Және ауылдарда медицина мамандарының жетіспеушілігіне байланысты тұрғындар үшін осындай телемедицина жобасы қолға алынды. Денсаулық сақтау министрлігі көптеген дамыған елдермен жаңа технологияларды елге әкелу бойынша ынтымақтастық жүргізіп жатырмыз. Былтыр біз Франциямен жалпы денсаулық сақтау бағыты бойынша келісімге отырған болатынбыз. Сол жобалардың бірі — телемедицина. Барлық шығынды Франция мемлекеті көтерді», — деді ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұл пилоттық жоба ең бірінші болып СҚО-да жүзеге асырылған. Алдағы уақытта өзінің тиімділігін көрсетсе еліміздің басқа да өңірлерінде қолға алынбақ. Елді мекендерде орнатылған  жабдық арқылы тұрғындар дәрігерлермен бейнеконференция режимінде байланысқа шыға алады. LIMSTAR құралына қан қысымын өлшегіш, электрокардиограмма, термометр, дерматоскоп, ультрадыбыстық сканер, стетоскоп, камера, отоскоп сынды медициналық жабдықтар да орнатылған.

«Бұл жобаны Франция мемлекетінің жүзеге асырып жатқандағының басты себебі, Қазақстанда сияқты оларда да ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі өзекті. Біздің мемлекетте де ауылды жерлерде білікті дәрегерлер жетіспейді. Сондықтан бұл жоба СҚО үшін де өз пайдасын тигізеді деп үміттенеміз. Жоба екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр», -деді Франция мемлекетінің елшісі Дидье Канесса.

https://qaz-media.kz/kk/s%d2%9bo-da-audandy%d2%9b-%d3%99kimdik-eki-zhyldan-beri-b%d3%a9get-salu-%d2%afshin-%d2%9b%d2%b1zhat-dajyndaj-almaj-keledi/

Телемедицина арқылы ауыл тұрғындары жалпы медицина және педиатрия, дерматология, жұқпалы аурулар, кардиология, гинекология, неврология, нейрохирургия және оториноларингология бағыттарында кеңес ала алады. Қазіргі уақытта жобаға жауапты қызметкерлер іске кіріскен.  Дәрігерлер онлайн қабылдау кестелерін дайындап, алғашқы телеконсультацияларында өткізіп үлгерген.

«Мемлекет басшысы барлық ел тұрғындары, әсіресе шалғайдағы ауыл халқы сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі тиіс екендігін атап өткен болатын. Бұл бағытта облыста көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. LIMSTAR жабдығы барлық жоспарланған ауылдарға орнатылды. Енді бұл тұрғындардың кез келген дәрігерге көрініп, кеңес алуына жағдай жасайды. Бұл жоба ел бойынша біздің өңірде алғаш рет жүзеге асырылып жатқандықтан бар үмітті ақтап, жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да аудандық әкімдік екі жылдан бері бөгет салу үшін құжат дайындай алмай келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x