Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Сурдлимпиаданың чемпионы Фархад Қыстаубаевқа пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Олимпиада чемпионы, ҰОК бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиевпен бірге ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.
Серік Сәпиев өңірдің спорт саласының өкілдеріне ҰОК мерейлі медалдарын және алғыс хаттарын табыс етті.
«Өңірде олимпиадалық қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Келесі жылы төртжылдықтың басты жарысы — Олимпиада Парижде өтеді. Біздің велошабандоз Алексей Луценко екі лицензия жеңіп алды. Тағы 7 спортшымыз лицензиядан үмітті», — деп жазған облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ спортшылармен кездескен облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Аманғали Бекболатов пен қазақ күресінен әлем кубогының жеңімпазы Алтынбек Аусағитовқа алғыс хат және естелік сыйлықтар табыс етті. Чемпиондардың бапкерлері де құр қол қайтқан жоқ.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты