Петропавлда құрылысы ұзаққа созылған емхана қолданысқа берілді

Петропавлда «Береке» ықшам ауданындағы жаңа  емхананың құрылысы аяқталды. Енді  емдеу мекемесі пациенттерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін “Береке” ықшам ауданының тұрғындары дәрігерге көріну үшін Васильев көшесіндегі №2 қалалық емханаға баратын. Енді аталмыш медициналық ұйымның филиалы жақын жерде ашылып отыр. Емхана бір ауысымда 250 адамды қабылдауға қауқарлы. Мекеме заманауи техникамен жабдықталған.

«Бүгінгі таңда біз емхана филиалына қарасты тұрғындарды тіркеп жатырмыз. Шамамен ол 15 мың адамға жетеді. Бізде 8 жалпы тәжірибедегі дәрігер мен 1 терапевтік участік болады. Сонда барлығы 9. Оған қоса, емханада заманауи зертхана, физиотерапевтік бөлім, күндізгі стационар бар», – деді №2 қалалық емхананың бас дәрігері Аманжол Қазиев.

Екі қабатты ғимаратта барлығы 105 кабинет бар екен. Алғашқы медицицналық көмек алуға қажетті барлық құрал-жабдықтар орнатылған. Жалпы 30-ға жуық дәрігер «Береке» ықшам ауданы тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x