СҚО-ға келген 133 дәрігер көтермеақы алды

Солтүстік Қазақстан облысына биыл 201 дәрігер келді. Олардың 66 пайызы бір реттік көтермеақыларын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басынан СҚО-ның медициналық ұйымдарына 201 дәрігер келді. Оның 81-і ауылды жерде еңбек етуді таңдаған. Облыстық маслихаттың шешімі бойынша, биыл11 қарашадан бастап аудандарға жолдамамен жұмысқа кірген ақ халаттылар 5 млн теңгеге дейін көтермеақы алады. Ал қалада жұмысқа орналасқандарға 3,5 млн теңге беріледі.

«Солтүстік Қазақстан облысында кадрлық дефицит азайды. Қазіргі таңда 140 дәрігер керек. Өткен жылы бізде 280 маман тапшы болған еді. Біз көтермеақының арқасында кадр мәселесін шешіп отырмыз. Жас мамандарға баспана мәселесімен де көмектесеміз. Жалға алынған пәтердің жартысын төлейміз. Оған қоса, медициналық ұйым атынан да көтермеақы беріледі», – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Миллиондап көтермеақы алғандардың бірі – Сауыр Тоқтарбай. Өскемен қаласының тумасы Астана медициналық университетін тәмәмдаған. Ол СҚО әкімдігі тағайындаған гранттың арқасында резидентураны аяқтапты. Енді 5 жыл біздің өңірде еңбек етеді.

«Мен перинаталдық орталықта 1 қыркүйектен бастап анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеймін. 10 жыл медуниверситетте оқыдым. Маған әкімдік бюджетінен 3,5 млн теңге көтермеақы берілді. Және көпбейінді облыстық аурухана атынан тағы 3 млн теңге алдым. Пәтер жалдап тұрамын. Аурухана ол үшін 50 мың теңге береді. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжым да жақсы. Келгеніме еш өкінбеймін», – дейді  жас маман.

Айтуынша, келіншегі де медицина саласының қызметкері. Қазіргі кезде Астанада оқуын жалғастырып жатыр. Алдағы уақытта ол да солтүстікке келмекші.

СҚО-ға келген 133 дәрігер көтермеақы алды
СҚО-ға келген 133 дәрігер көтермеақы алды

Жалпы облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлерді тарту бойынша кешенді жұмыс істеп жатыр. Мысалы, басқарма мамандары және аурухана директорлары еліміздегі медициналық университеттердің студенттерімен кездесулер өткізіп, мүмкіндіктер туралы айтады. Нәтижесінде, қазір республикамыздың әр өңірінде орналасқан оқу орындарының түлектері еңбек етіп жүр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қатты аяздың салдарынан тұрғын үйлер газсыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x