СҚО-да жылу желілерін жаңарту бойынша жол картасы жасалды

Биыл Петропавлда 8,3 км жылу желілері және 51 станцияда сорғы қондырғылары жөнделді, 3,8 шақырымда жылу оқшаулау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері екі жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде. Осы жобаның арқасында облыс орталығының солтүстік бөлігін жылумен қамту жақсара түспек. Сондай-ақ №2 жылу магистралі құрылысының жобасы әзірленуде.

«Жалпы «Петропавл жылу желілері» кәсіпорнымен бірлесіп, жылыту жүйесін жаңарту бойынша 2024-2029 жылдарға арналған жол картасы әзірленді, бұл желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік береді»,- деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Петропавл жылу желілері» серіктестігіне барды. Мамандар жылыту маусымының өтуі туралы баяндады. Жылу желілерінің тозуын азайту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы да айтылды.

Тағы оқыңыз:  Демалыс күндері СҚО-да 20 өрт оқиғасы тіркелген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x