Демалыс күндері СҚО-да 20 өрт оқиғасы тіркелген

Желтоқсанның 9-10 күндері Солтүстік Қазақстан облысында 20 өрт оқиасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ТЖД мамандарының мәліметінше, демалыс күндері түскен 20 шақыртудың 7-де көлік өртенген. Барлығында да автомобиль сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Ал қалған оқиғалар тұрғын үйлерде тіркелді.

«9-10 желтоқсанда бізге 21 хабарлама түсті. Оның 20-сы өрт оқиғасы болса, біреуінде тұрғындар қырағылық танытты. Бір оқиға Петропавл қаласы Гашек көшесіндегі 5 қабатты үйде тіркелді. Бесінші қабаттағы орналасқан балконнан от шыққан. 38 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Ішінде 5 бала бар», – деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қалған тілсіз жау жер үйлерден шыққан. Күннің аяз болуына байланысты тұрғындар пешті үздіксіз жағады. Сол кезде пеш маңындағы құрылыс материалдары қызады. Көбіне от осының салдарынан шығады дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы жатақханалардың бірінде есірткі сатылып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x