СҚО-да автомобиль жолдарын күтіп ұстамаған 14 шенеунік жазаланды

Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік полицейлер қыс басталғалы автожолдар мен көшелерде 160 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін 65 олқылық анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да биыл көше-жол желісін күтіп ұстау жұмыстарына 500-ге жуық техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы әкімшілік полицейлер жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 65 олқылық анықтаған. Кемшіліктерді жою бойынша 54 ұйғарым беріліп, жолдарды күтіп ұстауға жауапты 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Әкімшілік полиция міндеттерінің бірі – автомобиль жолдарындағы қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасау. Қыс басталысымен жол қызметтерінің жұмысы көбейді. Алайда олардың арасында өз ісіне жүрдім-бардым қарайтындар да бар. Сол себепті, жергілікті атқарушы органдарға қар жауған соң бірден тиісті қызметтер жұмыстарды жүргізу қажеттігі туралы ұсыным жіберілді», — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің инспекторы Арман Сыздықов.

Тағы оқыңыз: Қызылшаны жұқтыру бойынша Қазақстан әлемде үшінші орында тұр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x