СҚО-дағы 4 әлеуметтік нысан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің республикалық картасына енгізілді

СҚО-дағы 4 әлеуметік нысан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің республикалық картасына енгізілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әкімдікте облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов қатысқан үлкен жиын өтті. Оған өңірдегі бизнес саласының өкілдері қатысты.
Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясында еліміздің 156 әлеуметтік нысаны бақылауға алынғаны туралы айтылды. Олардың қатарында Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы жабық хоккей корты, Ақсуат және Тимирязев ауданы Степное ауылдарындағы екі мәдени-сауықтыру орталығы, Шал ақын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй және Петропавлдағы жапырақты көкөністерді өсіру жүйесі бар. Құрылыс барысында ұрлықты болдрмау үшін мониторингі жүргізілуде, жұртшылық процеске қосылды.

Ғ. Нұрмұхамбетов облыс әкімінің аппараты «осал» бағыттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету — мемлекеттік қызметтер көрсету және бір көзден мемлекеттік сатып алу санын азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз:  Қарызы кешірілген қазақстандықтардың 10%-ға жуығы тағы да несие алып, оны төлей алмай жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x