Қазақстанда артық анықтама сұрағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Бүгін үкімет отырысында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин заңсыз, артық анықтама сұрайтындарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету мәселесі толық шешілмеген. 

«Жұмыс берушілер мен мектептер әлі де анықтама сұрайды. Енді біз келесі жылы екі уәкілетті министрлікпен бірлесе отырып, бұл мәселені толығымен шешеміз. Анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді сұраймыз», – деді министр.

 Министр азаматтың әскерге шақырудан босату немесе уақытша кейінге қалдыру туралы құжаттары туралы да пікір білдірді. Ол, жастар студент екенін дәлелдеу үшін әскери комиссариатқа құжат жинап, екі апта уақытын кетіреді деп отыр.

«Алдағы уақытта, 3 министрліктің деректер базасын біріктіру арқылы студенттер автоматты түрде анықтама қағазынсыз әскерге шақырудан босатылады», -деді Мусин.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы 4 әлеуметтік нысан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің республикалық картасына енгізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x