Петропавлдан 3 мың текше метр қар шығарылды

Петропавлда комуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Демалыс күндері облыс орталығынан 3 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оған 150 техника мен 200 адам жұмылдырылған. Қазір қар тазалау жұмыстары түнгі уақытта жүргізіліп жатыр. Қыс мезгілінде қалалық әкімдік мамандары 300-ден астам техниканы жұмылдыруды жоспарлап отыр екен.

«Демалыс күндері бізде қала бойынша қалың қар жауды. Осыған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеді. Кеше түнгі уақытта механикалық тазалау жұмыстары жасалды. 100-ге тарта техника жұмыс істеді. Осы ретте тұрғындарға көліктерін жол жиегіне қалдырмауды ескертеміз. Ал таңертең қызметкерлер көшелерге құм мен тұз қоспасын себеді», – деді Петропав қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда артық анықтама сұрағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x