Қарызы кешірілген қазақстандықтардың 10%-ға жуығы тағы да несие алып, оны төлей алмай жүр

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту шаралары туралы» жарлығымен 578 мың азаматтың 120 миллиард теңге қарызы есептен шығарылды. Сонымен бірге оларға несие беруге тыйым салу қарастырылмаған. Бұл жөнінде Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қаңтардан кейін бұған дейін қарызы кешірілгендердің 395 мыңы 685 миллиард теңге несие алғанын айтты. 

«Оның ішінде 70 мың адамның немесе 9,9%-ның 67,5 млрд теңге сомасында 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен. Осылайша, статистика көрсеткендей, екінші деңгейлі банктер қарыз алушылардың едәуір бөлігіне қайтадан жаңа несие берген» – деп атап өтті қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Соңғы үш жылда банк секторында мерзімі өткен берешегі бар несиелердің көлемі 8,8 пайызға немесе 174,2 млрд теңгеге азайған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде қарыз –1,8 трлн теңге. Биыл 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға берілген шағын несие үш жылда 60%-ға өсіп, 67 млрд теңгеге жетті. 

Қарыз алушылардың несиелік қабілетін дұрыс бағалауды қамтамасыз ету үшін борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының тұрақты кірісін көрсетпейтін төрт критерийді алып тастау, сондай-ақ бұл коэффициентті есептеуді барлық қарыз алушыларға және барлық несиелерге тарату жоспарлануда. 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беруді шектеу үшін несие ресми кірісі расталғаннан кейін ғана беріледі.

Жүйелік шара ретінде азаматтардың 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болса, оларға кепілсіз тұтыну банкі несиелерін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 295 қаңғыбас ит чиптелді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x