Алдағы күндері елімізде күн суытады

Синоптиктер 18-20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Арты қарға ұласуы мүмкін.
19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Одан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін.
Мәселен, солтүстік-батыста түнде -3 -13 градусқа дейін, күндіз -7 +5 градус, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -8-16 градусқа дейін, күндіз 2-10 аяз болады деген болжам бар.
Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде машиналар электрондық кезекпен өтеді

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x