227 мың: Жалақы бойынша ең төмен көрсеткіш СҚО-да

Биыл елдегі орташа жалақы 322 845 теңгені құрады. Бірақ мұндай көрсеткіш барлық бірдей  өңірлерде тіркелмеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, елімізде орташа жалақы ерлерде 361 481 теңге болса, әйелдерде 285 744 теңгені құрайды.

Табысы ең жоғары өңірлер тізімінде Атырау облысы көш бастап тұр. Мұнда орташа айлық жалақы – 530 мың теңгені құраған. Бұдан кейін Маңғыстау облысы (469 мың теңге) және Ұлытау облысы (445 мың теңге) тұр.

Бірақ мұндай табыс өңі түгіл түсіне де кірмейтіндер бар. Айталық, Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі орташа жалақы 227 мың теңгенің шамасында ғана. Яғни, өңір халқының маңдай терімен тапқан табысы кей аймақтарға қарағанда екі есе аз.

Жалпы елде 3 млн 437 мыңға жуық жалдамалы жұмысшы бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі орташа жалақы 309 867 теңге болған.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық келіншек мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x