Облыста ауыл шаруашылығының көрсеткіші төмендеді

Жедел статистикалық деректер бойынша өңірдегі құрылыс саласы, 22,2 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16 процентке, өнеркәсіп 12,5 процентке өскен. Ал, облыстағы ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыл шаруашылығы көлемі керісінше төмендеп, көрсеткіш 15,9 процентті ғана құраған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мамандардың сөзіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібінің едәуір үлесін азық-түлік өндірісі алады. Өткен жылмен салыстырған биыл бұл саладағы өсім 107,4 процентті құраған. Соның ішінде ет өнімдер-27,6, ұн өнімері 17,7 процентке ұлғайған.

«Өткен 9 айда өнеркәсіп саласында 457,6 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 112,5% құрады. Бұл республикадағы 4 орынға сәйкес келеді. Республикада индекс 104,4 пайыз.» ,-дейді ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Марал Нұржауыпова

Облыста құрылыс қарқын алуда. Бұл салада едәуір өсім бар. Мәселен, биыл өткен 9 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 101,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2 процентке артық. Ал ауыл шаруашылығындағы көрсеткіш төмендеу екен.

«Ауыл шаруашылығы өнімі 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы шығару көлемі 685,8 млрд теңгені құрады. Индекс 84,1 пайыз. Оның ішінде өсімік шаруашылығы 440 млрд теңге, мал шауарышылығы 242,7 млрд теңге.» ,-дейді Марал Нұржауыпова.

Стиатисика департаменті, сауда саласын да қорытындылады. Алдын-ала деректер бойынша биыл облыстың Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара саудасы 417,9 млн АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға артық. Импорт көлемі -332,2 млн, ал экспорт 85,7 млн АҚШ долларға жеткен.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x