Петропавлда кәріз коллекторы жарылды

Петропавлда негізгі кәріз коллекторы жарылып, көшені су басты. Оқиға 18 қазан күні Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 Аққан су маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне кірді. Қазір коммуналдық апат болған орында «Қызылжар Су» ЖШС-нің төрт жөндеу бригадасы кәріз суын сорып, апат себебін анықтау үшін учаскеде тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Мамандар апаттық жағдайдың себебін құбырлардың тозуымен байланыстырып отыр. Бұл кәріздік коллектор пайдалану мерзімі 25 жыл болса да, 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде құбырды ауыстыруға жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаражат бөлінді.  

“Қазіргі уақытта апат орнын зерттеп және жұмыс көлемін, қандай материал керек — анықтап жатырмыз. Осыдан кейін қалыпқа келтіруге кірісеміз. Жалпы коллекторға 200-ге жуық үй қосылған. Кеше негізінен жертөлелерді су басу бойынша шағымдар болды. Бірақ мұның кешегі апатқа қатысы жоқ. Көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі ішкі кәріз құбырларының герметикасы нашар.  Онымен сол үйлерге жауапты ПИК немесе мүлік иелері бірлестігі айналысуы керек.”,- дейді «Қызылжар су» ЖШС су бұру кешенінің басшысы Вячеслав Визеров

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x