Елімізде ем қабылдай алмаған 20 бала «Қазақстан халқына» қоры есебінен шет елде емделді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Сонымен қатар қор есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 128 бала тамыр патологиясын емдеуде көмек алды. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев айтты.
«28 өңірлік медициналық мекеме 373 млн теңгеге офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. СҚО-да мұндай құрылғы көпсалалы облыстық ауруханаға орнатылған. Мұнда адамдарға көру қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін жабдықтар бар. Шұғыл қабықты трансплантациялауды қажет ететін 45 операция жасалды. Барлығы 304 науқасқа ота жасау жоспарлануда», — деді «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев.
Қорда білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ақшалай көмек қарастырылған. Осындай балаларға арналған мектептерді жабдықтау жобасына ел бойынша 98 білім беру нысаны кіреді. Былтыр солардың 30-дан астамы қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Мектептерде жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Бірақ бұл аздық етеді.
Спорт саласында да жобалар іске асырылуда. Ауылдарда қор есебінен спорт залдар жабдықталды. Биыл тағы 76 нысанды керек-жарақпен қамту көзделіп отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да түзету мекемесіне есірткі алып кірмек болған азамат ұсталды