Петропавлда 500 литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Петропавлда 500 литр акцизсіз алкоголь өнімі тәркіленді. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған сұйықтық сараптамаға жіберілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Заңсыз алкоголь Жас өркен ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінен табылған. Бұл іске 19 жастағы жігіттің қатысы бар. Ол ішімдікті әрі қарай сату үшін сақтап келгенін айтқан. Заңсыз айналымнан 500 литр алкоголь өнімі алынды.  Аталған факті қалалық ПБ ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жинады. Тәркіленген өнім сараптаға жіберілді.

«Жыл басталғалы заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Тағы оқыңыз: Магистратура грантына құжат қабылдау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x