СҚО-да сотталушыға телефон табыстаған адвокат лицензиясынан айырылды

Солтүстік Қазақстанда адвокат түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушымен кездесуге келіп, оған ұялы телефон табыстаған. Осы әрекеті үшін Руслан Аитов лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бір жыл бұрын СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесінде, яғни Петропавлдағы тергеу изоляторында орын алған. Сотталушымен кездесуге келген қорғаушысы Руслан Аитов оған телефон табыстаған. Осы әрекеті үшін адвокат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, одан 30630 теңге айыппұл өндіріліп алынды. Ал, жазасын өтеушіге берген телефон тәркіленді.

«Адвокат қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған затты тексеруден жасырған. Осыған қатысты облыс прокуратурасы Руслан Аитовты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясынан айыру туралы мәселеге бастамашылық жасады. 2023 жылдың 10-шы наурызында сот бұл талапты қанағаттандырды», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

СҚО-да сотталушыға телефон табыстаған адвокат лицензиясынан айырылды

Ал, 2023 жылы 21-ші шілдеде ҚР Әділет вице-министрінің бұйрығымен Руслан Аитовқа берілген адвокаттық қызметпен айналысу арналған мемлекеттік лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тыйым салынған «Ата жолы» ағымының ізбасары анықталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x