Украинская көшесінің тұрғындары жол сапасына наразы

Жұмысшы кентіндегі Украинская көшесінің тұрғындары жолдың сапасына наразылықтарын білдіруде. Айтуларына қарағанда тротуарлар уақытылы жөнделмейді, бұрылыстар болса, ыңғайсыз екен. Жерлестеріміз базынасын «AMANAT» партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттарына жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Партиялықтар мен депутаттар жөнделіп жатқан көшелерді көріп шықты. Жуков көшесі толықтай жөнделген, жоспар бойынша жасалуы тиіс шаруа атқарылды. Енді автобус аялдамаларын абаттандырып, тротуарды реттеу қажет. Қизатов көшесінде жұмысшылар асфальт жабынын төсеп, бордюрлерді аяқтауға жақын. Қоғам белсенділері аумақта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы қозғалуға жағдай жасалмағанын байқады. Жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Ал, Жұмысшы кентінде жол бойынша біраз проблема бар.

«Украинская көшесінің тұрғындары наразылықтарын жеткізді. Онда тротуарлар уақытылы жөнделмейді, бұрылыс ыңғайсыз, сондықтан машиналар жиі қирайды. Мердігердің айтуынша, технологияға сәйкес алдымен негізгі төсемді салу керек, содан кейін ғана қиылыстарға, кіреберістерге кіріседі. З. Космодемьянская көшесінде тротуар салу жұмыстары басталды. Жақын маңдағы мектептің жанында автотұраққа толығымен асфальт төселеді. Жұмыс барысында кемшіліктер бар: бір жерде жиектас қисық, басқа жерде люк зақымдалған, бірақ мұның бәрі мердігердің есебінен қалпына келтіріледі. Побелянский көшесінде жиектастар орнатылады, жақын арада негізгі асфальт төселеді», — деді партиялықтар.

Тағы оқыңыз: Түменде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x