Қазақстанда жұмыссыздардың қатары артты

Елімізде жұмыссыз адамдардың қатары артты. Маусым айындағы есеп бойынша көрсеткіш 16 мың адамға көбейген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 110,6 мың адам болды. Соның 97 мыңына биыл төлем алғаш рет тағайындалды. Ал 1 маусымда 94,4 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алған. Осылайша, маусым айында жұмысынан айырылған қазақстандықтар 16,2 мың адамға артты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен іске асырылады. Оған қол жеткізу үшін eGov.kz порталында «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау керек. Кейін онлайн-қызметке тапсырыс беріп, сұрақтарға жауап жазып, ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Ол жақ бір күн ішінде тұрғылықты жердегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер ештеңе табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Тағы оқыңыз: Украинская көшесінің тұрғындары жол сапасына наразы

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x