СҚО әкімі: Жол және коммунадық қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру қажет

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жол және коммуналдық қызметтерін үйлестіру керек дейді. Ол бұл жайында өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткізді. Жиын барысында ол қала тұрғындары коммуналдық қызметтің жұмысына жиі шағымданатынын айтты. Сөзінше, су құбырлары, электр және жылу желілерін жөндегеннен кейін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы уақытында қалыпқа келтірілмейді. Осындай келеңсіздіктерге әрмен қарай көз жұма қарауға болмайды, оны 10 күнде қалыпқа келтіру қажеттігі ескертілді.

«Коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын өз учаскелерін жөндеуге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Сондай-ақ, жол және коммуналдық қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру керек. Петропавлда қазір көшелерге асфальт төсеу науқаны жүріп жатыр, 30-дан астам учаскеде жұмыстар жоспарланған. Тиісінше, коммуналдық мекемелер асфальт төселмес бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет», — делінген жазбада.

Облыс әкімі коммуналдық қызмет пен жол жөндеушілерді бірлесіп, белгіленген жоспар бойынша жүйелі жұмыс істеуге шақырады.

«Бұл мәселені бақылауда ұстауды Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевке тапсырамын», — дейді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: 120 солтүстікқазақстандық «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x