Мас күйде көлік тізгіндеп, кісі қағып кеткен солтүстікқазақстандық 6 жылға сотталды

СҚО-да жаяу жүргіншіні соғып өлтірген ер адам 6 жылға сотталды. Қайғылы жағдай Ғ.Мүсірепов ауданында орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов ауданында тұратын жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Соған қарамастан, қайтадан көлік тізгініне отырған. Ол аздай, алкогольдік ішімдік ішіп алып, ауыл ішінде жылдамдықты асырып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 50 жастағы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот тұрғынды 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

«Көлікті масаң күйде басқарған тұрғындарға 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Кейбіреулер сот шешімін елемей, қайтадан ішіп алып рөлге отырады. Биыл осындай 18 факті тіркелді. Заңға бағынбағандар үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын атап өткім келеді. Полиция қызметкерлері бұдан былай да мас күйінде басқару фактілерін жою үшін барлық шараларды қабылдайтын болады», – дейді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.

Тағы оқыңыз: Интернетте жалған ақпарат таратқандарға әкімшілік жаза қолданылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x