сессия

Өңір жетекшісінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің төрағалымен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының 32-ші сессиясы өтті. Жиынға этномәдени орталықтардың төрағалары және қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Қазақстанда 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ұлтаралық келісімді нығайтуда өңірдегі 29 этномәдени бірлестіктің де алар орны бөлек.

«Ассамблея бұрын ешбір елде болмаған ұйым. Бүгінгі күні  оның тиімділігін бүкіл әлем қауымдастығы мойындауда. Бұл құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып саналады. Өңірде этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға, келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге облыс әкімі Айдарбек Сейпілұлының және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін», — деді СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Былтыр этномәдени бірлестіктердің бастамасымен 600-ден астам түрлі іс-шара өткізілді. Олардың барлығы солтүстікқазақстандықтардың бірлігін нығайтуға бағытталған.

«Облыста 47 аналар кеңесі жұмысы істейді. Былтыр 2,5 мыңнан астам адамды қамтыған 67 іс-шара ұйымдастырылды. ҚХА-ның ең маңызды құрылымдық бөлімшесі – медиация кабинеті. 2022 жылы шаһарда мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестік өкілдері, департамент қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысқан «Этносаяси менеджмент негіздері» атты облыстық семинар өтті»,-деді ҚХА СҚО филиалы төрағасының қоғамдық орынбасары Владиимр Витченко.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын насихаттауға зор үлес қосқан жерлестеріміз облыс әкімінің алғыс хаты және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, өңірлік ассамблея төрағасының жаңа қоғамдық орынбасары сайланды. Бұл лауазымға қоғам қайраткері, кәсіпкер Елена Семидоцких лайықты деп танылды.

Тағы оқыңыз: Түлектер университетке дүниежүзінің саяси картасын сыйлады

 

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x