«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Жеңіс Асанов атқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа атқарушы хатшы Алматы қаласының тумасы. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Осы күнге дейін ол Солтүстік Қазақстан облысының жобалық басқару орталығында бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдары «Бизнес-Тайм» ЖШС коммерциялық директоры, «Қазпромстрой» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық және стратегиялық даму бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, «Солтүстік» ӘКК АҚ «Астана» қонақ үй кешенінің басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, осыған дейін «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова болған еді. Ол ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланғандықтан, орнына Жеңіс Асановтың кандидатурасы таңдалды.
Тағы оқыңыз: СҚО прокурорлары спорт саласында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады