Петропавлда бұрынғы көтерме сауда орталығының орнында тұрғызылып жатқан екі 18 қабатты үйдің құрылысы тоқтап тұр. Осыған дейін баспананың іргетасы жарылып, жұмыстар аяқсыз қалды деген ақпарат тараған болатын. Қалалық әкімдіктегілер бұл қауесеттің шындыққа жанаспайтындығын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұрынғы көтерме сауда орталығының орнында осыдан 2 жыл бұрын құрылыс жұмыстары басталған болатын. Мұнда заманауи тұрғын үй кешені бой көтеруі тиіс еді. Алайда, соңғы кездері жұмыстар тоқтаған.
«Бүгіндері Петропавл қаласында екі құрылыс алаңында 18 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Көпқабатты үйлер коммерциялық қаражат есебінен салынып жатыр. Олардың бірі- «Зерттеу СК» ЖШС-і, ал екіншісі «ЦОТ» компаниясы. Құрылыс сапасы техникалық регламент пен нормаларға сәйкес келеді. Қазіргі уақытта бұрынғы көтерме сауда орталығының аумағында орналасқан 18 қабатты үйдің құрылысы тоқтатылды. Оған «ЦОТ» ЖШС-і мен мердігерлер арасында туындаған түсініспеушілік себеп болған. Яғни, «Альбе-7» серіктестігі мен тапсырыс беруші арасында құрылыс жұмыстарының көлеміне қатысты келіспеушіліктер пайда болған», — деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Яғни, құрылыс сапасына қатысты сұрақтар туындаған жоқ. Ал, баспана 2024 жылы тапсырылуы тиіс.
Тағы оқыңыз: ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің рухына құран бағышталды