жаңа тұқым

Солтүстікқазақстандық ғалымдар құрғақшылыққа және түрлі ауруларға төзімді тритикале тұқымын жасап шығарды. Бүгіндері ол сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл «Дәурен» атты дәнді дақыл жергілікті шаруа қожалықтарының алқаптарында сынақтан өткізіліп жатыр. Тұқым Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында егілген. Ғалымдардың айтуынша, жаңа сұрып алынғаннан кейін 5 жыл бойы зерттеу жүргізіліп, өсіру технологиясы жасалған. Шығымдылығы өте жоғары. Гектарынан 32-ден 47 центнерге дейін өнім береді.

«Жаздық тритикале – өте құнарлы дақыл. Оны мал азығына, тағамға да пайланана беруге болады. Бастапқыда 100 тұқым шығарып, ішінен біреуін ғана іріктеп алдық. Көбейтуге 5 жыл уақыт кетті. Барлық жұмыс жаңа биотехнологиялық әдістер бойынша жүргізілді», — дейді жоба авторы Олег Соловьев.

Тағы оқыңыз: Жамбыл Жабаев көшесі уақытша жабық

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x