ҰБТ

Өңірдегі мектеп түлектерінің 1752-сі ҰБТ тапсырды, барлығы да грантқа үміткер деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 11-ші сыныпты аяқтаған түлектердің саны – 3345. Соның 2396-сы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.

«Ел көлемінде мектеп түлектері ҰБТ тапсыруда. Бұл науқан мамырдың 19-ы күні басталып, шілденің 5-сі аяқталады. Әзірге грантқа оқуға түсуге үмітті оқушыларды 1752-сі тестілеуден өтті», — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, түлектер мемлекеттік емтихандардан өтеді. Оның 4-уі жазбаша және Қазақстан тарихынан сынақ ауызша форматта тапсырылады.

Жалпы, биыл 11-ші сыныпты бітірген 109 түлек «Алтын белгіге», 200 солтүстікқазақстандық үздік аттестат алуға үмітті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі аудан орталығын байланыстыратын жол қалыпқа келтірілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x