Облыс полицейлері төрт күн ішінде мал ұрлығының 5 фактісін ашты. Оның 4-уі бірнеше жыл бұрын жасалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
15-18 мамыр аралығында өңірде «Мал ұрлаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл уақытта құрамына криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, ветеринария басқармасының қызметкерлері кіретін арнайы мобильді топ құрылды. Мамандар 4 күн ішінде мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ветеринария саласындағы 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықтары, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын орындар мен фермалар тексерілді.
«Жедел-профилактикалық іс-шара барысында мал ұрлығының 5 фактісі ашылды. Оның 4-уі «өткен жылдар» санатына жатқызылады. Сонымен қатар, 141 солтүстікқазақстандық малды еркін жайылымға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Тағы оқыңыз: ҰОС ардагері Қожатай Некібаев өмірден өтті