СҚО-да 21 адам қайтадан қамауға алынды

Жыл басынан бері СҚО-да 21 адам қайта қамалды. Олар осыған дейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Ережелерді бұзып, шектеулерге құлақ аспағандары үшін осындай жаза қолданылып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың тамыз айында 39 жастағы петропавлдық шартты түрде мерзімен бұрын босатылған. Алайда, ол белгіленген шектеулерді бірнеше рет бұзып, алкольдік ішімдік ішкен, онымен қоймай, қоғамдық орындарда басқа тұрғындардың мазасын алған көрінеді. Тәртіп сақшылары ер адамға бұл әрекеттерінен кейін қайтадан қамауға алынуы мүмкін екенін талай мәрте ескерткен. Ақыр аяғы соған жетті. Енді ол 1 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылды.

«Есепте тұрған» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есепте тұрған тұлғалардың барлық санаттарын тексеру күшейтілді. 15 мамырдан бастап 1643 адам тексерілді, оның 369-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Олардың ішінде белгіленген шектеулердің 26 бұзушылығы анықталды. Айта кету қажет, жыл басынан соттар полиция қызметкерлерінің шартты түрде мерзімінен бұрын босату шектеулерін бұзған 21 адамға қатысты өтінішін қолдады, олардың барлығы бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеуге оралды. Сондай-ақ формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататын 14 адамның тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталды», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз:  СҚО полицейлері мал ұрлығының 5 фактісін ашты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x