ҰОС ардагері Қожатай Некібаев өмірден өтті

Бүгін ҰОС ардагері Қожатай Некібаев 97 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров майдангердің отбасы мен туыстарына көңіл айтты. Бұл жайында өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қожатай Сейтахметұлы 17 жасында соғысқа аттанған. 2-ші Украина майданында соғысып, Румыния, Австрия және Чехословакияны азат етуге ат салысты. Жеңісті Венада қарсы алды. Ерлігі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы ордені және түрлі медальдармен марапатталған. Жерлесіміз соғыстан кейін тағы 3 жыл танкист болып қызмет етті. Елге оралған соң педагогикалық білім алып, шәкірттердің санасын ашу жолына 30 жылдан астам уақытын арнады. Бүгін ардагер 97 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

«Жуырда Жеңіс күнінде ардагердің үйінде болған едім. Қожатай Сейтахметұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін қайратты әрі жігерлі еді. Әскери оқиғаларын айтып, даналық кеңестерін беріп отырды. Сол сұрапыл соғыстың ардагерлері бізге бақытты да еркін өмір сыйлады. Олардың ерліктерін әрқашан есте сақтап, құрметтеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек», – деп жазды өңір жетекшісі.

Тағы оқыңыз: 7,5 млн қазақстандық несие төлеп отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x