Егер азамат несие бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда ол мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен немесе шартта жазылған өзге де тәсілмен кредитті қайта құрылымдау үшін өзіне қызмет көрсетілетін банкке немесе микроқаржы ұйымдарына жүгінуі қажет. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Алма Дауренбекова айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар — ақпан айларында банктерге және микроқаржы ұйымдарына жасалған кредиттік шарттардың талаптарын өзгерту үшін 94 мыңнан астам адамжүгінген. Оның ішінде 62 мыңға жуық қарыз алушыға қатысты қарыздар мен микрокредиттерді қайта құрылымдау бойынша жұмыс жүргізілді. Былтыр 528 мыңнан астам азаматқа қайта құрылымдау мақұлданды.
“Егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда бірінші кезекте ол мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен немесе шартта жазылған өзге де тәсілмен кредитті қайта құрылымдау үшін өзінеқызмет көрсетілетін банкке немесе микроқаржы ұйымдарға жүгінуі қажет. Өтініште қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамау себебі мен болашақта несиені өтеу бойынша өз нұсқаларын көрсетуі қажет. Сонымен қатар, міндетті түрде сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлағанын растайтын құжаттар қоса берілуі керек”, — дейді Алма Дауренбекова.
Өтініш жолдағаннан кейін сәл күту қажет. Ал қаржы ұйымдары 15 күн ішінде қарыз алушыға жауап беругетиіс. Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, не кредитор мерзімі өткен берешекті реттеур әсімдерін жүргізбесе және дәлелді негіздемелер ұсынылмаса, қарыз алушы кредитордың шешіміналған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Тағы оқыңыз: Шалақындық кәсіпкер жалға алған жерінде мал шаруашылығымен айналыса алмай жүр