630 солтүстікқазақстандық өзін банкрот деп тануға өтініш берген

Наурыздың 3-і мен сәуірдің 25-і аралығында 630 солтүстікқазақстандық өзін банкрот деп тануға өтініш берген. Соның 427-сі кері қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа өтініштер қабылдау басталды. Қазірдің өзінде республика бойынша 47,7 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 7,9 мыңы қаралып жатыр. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдары өтініш берген азамат туралы мәліметтерді тексереді.

«Өтініштердің 94% Электронды үкімет порталы – eGov.kz арқылы түсті, қалғаны E-salyq azamat мобильдік қосымшасы арқылы қабылданды. СҚО бойынша 25-ші сәуірге дейін 630 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 91 өтініш қабылданды, 427-сі кері қайтарылды. Қазіргі уақытта 112 өтініш қаралып жатыр. Олардың жартысынан астамы Петропавл қаласына тиесілі – 349, сондай-ақ Қызылжар ауданынан – 63, Айыртау ауданынан – 52, Мүсірепов ауданынан 24 өтініш түсті», – дейді СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Гүлнәр Қадырбекова.

Банкрот деп тануға өтінім берген, бірақ шартқа сай келмейтін азаматтарға 1414 сервисінен телефон арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Мұндай жағдайда соттан тыс банкроттық критерийлеріне сәйкес өтінішті 3 айдан кейін қайта беруге болады.

Тағы оқыңыз: Кредит алған адам несиесін төлей алмаса не істеуі керек?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x