[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-07-at-14.31.02.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Бүгінгі таңда өңірімізде кадр тапшылығы мәселесі өткір тұр. Облысымызда құрылысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Сол үшін «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған жастарды біздің облысқа тарту керек дейді Әлфараби Мыңбай. Қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткер қыз-жігіттердің ынтасын ояту үшін біршама іс-шараны қолға алмақ ниетте, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Әлфараби Мыңбай өңірімізге «Серпін» бағдарламасы бойынша келген жастардың бірі. Оңтүстіктің тумасы теріскейде жоғары оқу орнын тәмамдап, қазір осында еңбек етуде. Сөзінше, аталған жоба арқылы білім алған шәкірттердің барлығы бірдей солтүстікте қала бермейді.
«Қыз-жігіттердің аққайыңдар өлкесінде қалуы үшін оқу барысында облысты аралату керек деп ойлаймын. Ауылдарға апарып, өңірдің тамаша табиғатын көрсету қажет. Осылайша, жастарды ынталандыруға болады. Бұл тұста өзімнің жинаған тәжірибем бар. Оны аймақты дамыту жұмыстарына жұмсайтын боламын», — дейді Әлфараби Мыңбай.
Қазіргі уақытта балалардың күн ұзаққа смартфонға телміріп отыратыны жасырын емес. Жауыр болған бұл проблема да Әлфараби Мыңбайдың бағдарламасында бар. Депутаттыққа үміткер виртуалды тәуелділіктен құтылу үшін аула спортын дамыту керектігін алға тартуда.
«Алдағы уақытта жастар арасында аула ойындарын өткізсек деген ой бар. Оның өзінде жай ғана ойын емес, қызығушылықтары мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін жарыс ұйымдастыру керек. Мәселен, жаз мезгілінің алғашқы айында іріктеу кезеңдерін, одан кейін ақырындап чемпионат ұйымдастырсақ, балалардың уақыты пайдалы әрі қызықты өтеді», — дейді кандидат.
Жастар мәселесі қашан да өзекті. Дегенмен, кандидаттың сайлауалды бағдарламасынан қазыналы қарттарымыз да шет қалмаған. Әлфараби Мыңбай қаламыздағы зейнеткерлерге де тұрақты түрде қолдау көрсетпекші. Бұдан бөлек, қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін экологиялық акцияларды мықтап қолға алғысы келеді.
«QazaqstanMedia» ЖШС Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Ә.Х.Мыңбайдың тапсырысы бойынша дайындады, қаражат үгіт-насихат іс-шараларын өткізу үшін республикалық бюджеттен бөлінді.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]