[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»11532,11539,11540,11541,11544″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Қазақстан халық партиясының өкілдері сайлаушылармен кездесіп, өздерінің бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері, бұл — «Қазақстан Халық партиясы» СҚОФ өкілдерінің сайлаушылармен өткізіп отырған алғашқы кездесуі. Саяси ұйымның аты айтып тұрғандай, партия қарапайым адамдардың мүддесін қорғамақ. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасы да соған негізделе отырып жасалған.
«Біздер Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құруды көздейміз. Яғни, елімізде «Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет» болғанын қалаймыз. Сондықтан сайлауалды бағдарламамызда мемлекеттік басқару тетігін жетілдіру, әкімдер мен судьяларды сайлау сынды маңызды мәселелерді көтеріп жатырмыз. Айта кетейік, бүгіндері елімізде ауылдық әкімдерді халық таңдай бастады. Келешекте аудан, қала және облыс әкімдерін де тұрғындар сайлауы тиіс. Сонда ғана билікке әділ шешім қабылдап, халықтың мұң-мұқтажын ойлайтын адамдар келеді», — дейді кездесуге онлайн режимде қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Ирина Смирнова.
Сондай-ақ, партиялықтар сайлауалды бағдарламасында зейнет жасын төмендету, білім беру мен медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру, стратегиялық кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару, сән-салтанат салығын енгізу сынды әлеуметтік маңызы зор мәселелерді көтерген.
«Біздің мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік банктерде 500 млрд теңгесі сақтаулы тұр. Бұл әділетсіздік деп санаймыз. Осы елде тұрып, қызмет жасап жатырсың ба, онда байлағың да осы елде сақталуы тиіс. Сондықтан сән-салтанат салығын енгізу маңызды болмақ деп есептеймін», — деді «Қазақстан халық партиясы» СҚОФ жетекшісі Ерғали Жұмағұлов.
«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен төленді
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]