Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік анықталады, 13 мыңнан астам науқас көз жұмады. Жыл сайын балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік жағдайы анықталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өкпе обырынан қайтыс болу деңгейі жоғары — 16%.Онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітімнің 12%-ы асқазан обырынан, 11%-ы ішек обырынан болып отыр.Қатерлі ісік көбіне еңбекке қабілетті адамдарда анықталып жатыр. Жыл сайын 30 мыңға жуық операция жасалады. Сонымен қатар, жыл сайын балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік жағдайы анықталады. 4 мың бала бақылауда.
«Қатерлі ісік дертіне күдікті пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілді. 250 – ден астам онколог оқудан өтті, оның 95-і шет мемлекеттерде, мәселен, Израиль, Германия, Нидерланды, Франция. Балалар онкологиялық-гематологиялық қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 2012 жылдан бері елімізде балаларға гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау жүргізіліп келеді. Бүгінде біз осындай 340-тан астам операция жасадық»- деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
Тағы оқыңыз: Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды аралап жүр