полиция

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер шетелдік тіркеуде тұрған және жүйелі түрде жол ережелерін бұзатын автокөліктердің иелерін анықтап, айыппұл салып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобы интеллектуалды бейнежүйелер мен «Мегакам.Қорғау» қосымшасы арқылы жол ережесін қасақана бұзушыны анықтады.

Мамыр айында шетелдік есепте тұрған «ВАЗ-21114» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Петропавл көшелерінде жол ережесін 5 рет бұзған. Оның бәрі автоматты түрде тіркелген. Көлік туралы деректер «анықталмаған жүргізуші» базасына енгізілді. Іздестіру тобы «Мегакам.Қорғау» жүйесін пайдаланып, іздеуде жүрген автокөлікті анықтады. Жүргізуші жылдамдықты асырған және оның сақтандыру полисі болмаған. Заңды бұзған ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

«Қазіргі заманғы техника – полицияның сенімді көмекшісі. 5 ай ішінде іздестіру тобының қызметкерлері автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық құралдармен жол ережесін жүйелі және өрескел бұзған шетелдік есепте тұрған көліктердің 108 жүргізушісін ұстады», — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: Шілде айында жауын жиі жауып, найзағай соғады деп болжануда

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x