Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Жамбыл ауданында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Тұрғындар өз базыналарын аудан әкімі Азамат Бектасов, прокурор және аудандық полиция бөлімінің бастығы, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына жеткізді. Қабылдауға барлығы 46 адам келген. Олардың дені жер, жол жөндеу, футбол алаңы мен медициналық пункт салу,  мүгедектікті рәсімдеу, бизнесті дамыту, қаңғыбас иттер сынды мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл күні қабылдауға келгендердің бірі – Әлия Муравьёва. Буденное ауылының тұрғыны Азамат Бектасовқа елді мекен мен аудан орталығын байланыстыратын автобус өз жұмысын тоқтатқандығын жеткізді. Бұл елді мекен халқы үшін ыңғайсыздық туғызуда. Діттеген жеріне жете алмай отырған тұрғындар қоғамдық көлікті қайтаруды сұрап отыр.

Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

«Былтыр ауылымыздан «Газель» көлігі шығып Пресновкаға дейін жүріп-тұратын. Жолда Светлое, Макарьевка, Екатериновка елді мекендеріне соғып, ондағы тұрғындарды да аудан орталығына жеткізетін еді. Жаңа жылдан бастап автобус жүрмей қойды. Ауыл халқы үшін өте қиын болып тұр. Екі елді мекеннің арасы 60 шақырым. Такси жалдауға көбінің ақшасы жете бермейді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер екен», — деді Әлия Муравьёва.

Ауыл тұрғынының сұрағына жауап берген Азамат Бектасов бұл проблема шешілетіндігін айтты. Мәселе алдағы уақытта облыстық мәслихаттың сессиясында қарастырылмақ.

«Аталған бағытты әлеуметтік маңызы бар деп тану үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Мәселе сессияда қарастырылады. Содан кейін автобус өз жұмысын қайтадан бастайтын болады», — деді Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов.  

Ал Казанка ауылының тұрғыны жастардың спортпен айналысуы үшін елді мекенге футбол алаңы қажет дейді. Бұл мәселе де биыл шешімін тапқан. Оған аудандық бюджеттен 13 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгіндері GWS Supply ЖШС келімшарт жасалған.

Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Сондай-ақ биыл Баян ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында медициналық пункт салынбақ. Бұл мәселені де қабылдауға келген аудан тұрғындары көтерді.

Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Жалпы азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне Жамбыл ауданының 46 тұрғын келіп, өз базыналарын жеткізді. Олардың 17-сі аудан әкімі Азамат Бектасовқа жүгінген. Жолданған сауалдардың барлығы назарсыз қалмады.

Тағы оқыңыз: Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы сенатқа жіберілді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x