Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың кейбірінің құжаттары бүлінген. Сондықтан мемлекеттік корпорацияның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы қызмет көрсететін орындарды көбейтті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға ХҚКО мамандары қосымша қалалық әкімдікте және Петропавлдың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар орталық мобильдік топтар құрды. Олар эвакуациялық пункттерге барып, зардап шеккен тұрғындарға түрлі анықтамалар алуға, құжаттарды қалпына келтіру бойынша өтініштер қабылдауға көмектеседі. Қызметкерлер табиғи апаттан зардап шеккен төрт мыңға жуық азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетті.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға Көкшетау мен Павлодардан гуманитарлық көмек жеткізілді