Петропавлда жиһаз сататын дүкен отқа оранды

18-ші сәуір күні Петропавлда «Большой» жиһаз дүкенінен өрт шықты. От шамамен 100 шаршы метр жерді шарпыған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт туралы хабар 112 нөміріне сағат 14.01 минутта келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жеткенде үшінші қабаттың терезелерінен қою түтін шығып жатқан.

«Қызметкерлер мен клиенттер қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы – 43 адам. Отты ауыздықтауға тоғыз автоцистерна, екі автобаспалдақ жұмылдырылды. Өрт ауыздықталды. От шамамен 100 шаршы метр жерді зақымдады», – деді СҚО ТЖД ӨСҚ және АҚЖ бастығының орынбасары Николай Белоусов.

Өрт шыққан ғимаратта жиһаз дүкенінен басқа, киім дүкені, дәріхана және басқа да ұйымдар орналасқан.

Тағы оқыңыз: ХҚКО қызметкерлері эвакуациялық пунктерде азаматтарға көмек көрсетуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x