СҚО-да қоныс колониясынан қашқан сотталушы ұсталды

Солтүстік Қазақстанда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген сотталушы қашып кеткен. Ол жұмысқа кетіп, кешке түзету мекемесіне оралмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сәуірдің 13-і күні СҚО ҚАЖД № 52 түзету мекемесінен (қоныс колониясы) жазасын өтеп жүрген жандардың бірі қашып кеткен. Кейін белгілі болғандай, ол таңертең жұмысқа кетіп, кешке қайтып оралмаған.

«Іздеу шаралары барысында сотталушы ұсталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталған адамға қатысты жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сотталушы қауіпсіздігі ең төмен деңгейдегі мекемелердің бірінде жазасын өтеп келген. Енді осы әрекеті үшін ол қосымша екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған дейін QM редакциясы су тасқынына байланысты түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген жандардың басқа жерлерге көшірілгенін жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жиһаз сататын дүкен отқа оранды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x