егіс науқаны

Уәлиханов ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгіндері шаруалар 20 мың гектарға жуық алқапқа дән сіңіріп үлгерген. Қазір диқандар күнбағыс егіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Егін және мал шаруашылығын қатар қолға алған «Жолдасбай-Агро» ФШ-ы биыл 40 мың га алқапқа дән сіңірмек. Соның 7 мыңы күнбағыс өсіруге арналған. Ылғал жабу жұмыстары аяқталған соң мұндағылар бірден күнбағыс егуге кіріскен. Кейін диқандар 15 мың гектарға бидай, 7 мыңға зығыр және сонша гектар жерге арпа дәнін сеппек.

Уәлиханов ауданының диқандары күнбағыс егуге кірісті

Уәлиханов ауданының диқандары күнбағыс егуге кірісті

«Көктемгі дала жұмыстарын бастағанымызға 7 күн болды. Қазіргі таңда танап басында 11 тұқым сепкіш жүр. Өткен жылы иелігімізде 30 мың га жер болған. Биыл тағы 10 мың га жерді жалға алдық. Өткен жылы жауын-шашын мөлшері аз болды. Биыл қуаңшылық болмайды деп үміттенеміз», – дейді «Жолдасбай-Агро» ФШ-ның агрономы Аян Жолдыбаев.    

Биыл Уәлиханов ауданы бойынша егістік алқабы 235 мың гектарды құрайды. Соның 161 мыңына дәнді, 42 мың гектарға майлы дақыл, 30 мыңға жем-шөп егу жоспарланған.

Уәлиханов ауданының диқандары күнбағыс егуге кірісті

Уәлиханов ауданының диқандары күнбағыс егуге кірісті

«Алқаптарда ылғал жабу жұмыстары уақытылы аяқталды. Бүгіндері тұқымдарды ауамен жылытып, кептіру жүргізіліп жатыр. 8 мың гектарға 4,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Биыл диқандар 533 млн теңгеге 77 жаңа техника сатып алды. Бұдан бөлек, аудан шаруашылықтары 2 мың тонна элиталық тұқым әкелді», – дейді Уәлиханов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Дүйсенов.

Бүгінгі күні аудан бойынша 19 мың гектар алқапқа дән сіңірілді.

 Тағы оқыңыз: СҚО-да рұқсат етілмеген 47 қоқыс полигоны анықталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x