СҚО-да рұқсат етілмеген 47 қоқыс полигоны анықталды

Облыс аумағында рұқсат етілмеген 47 қоқыс полигоны анықталды. Экологтардың мәліметінше, үйінділердің 10-ы жойылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде рұқсат етілмеген полигондардың саны азаймай тұр. Жуырда экологтар, полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандарынан құралған арнайы мобильді топ құрылып елді мекендерді аралаған. Олар 47 полигонды анықтаған. Соның 10-ы жойылды.

«Тексеру жұмыстары барысында облыс орталығында – 25, Қызылжар ауданында – 12, Мамлют ауданында – 8 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы анықталды. Жамбыл мен Есіл аудандарында бір-бір фактіден тіркелді. Полигондарды жойып, мұндай жағдайға жеткізген адамдарды жауапқа тарту үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдарына хаттар жолданды», – деді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы НЗМ-нің студенттері сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге қаржы жинады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x