Уәлиханов ауданының әкімі болып Мұрат Абдулов тағайындалды

Бір айдан астам уақыттан бері басшысыз отырған Уәлиханов ауданына жаңа әкім келді. Енді бұл қызметті Мұрат Абдулов атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа қызметке тағайындалғаны болмаса, Мұрат Абдулов аудан халқына жақсы таныс. Өйткені, ол осы ауданның тумасы. Қызылту ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын да осында бастады.

1994-1995 жылдары Уәлиханов ауданының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімі зейнетақы қорының инспекторы;

1996 жылы «Казсельхозтехника» АҚ-да программист;

1996-1997 жылдары «Казсельхозтехника» АҚ бас есепшісі, кейін сауда бөлімінің басшысы;

1997-1999 жылдары «Бизнес центр-Кокше» ЖШС директоры;  

1999-2003 жылдары «Жан-97» ЖШС қаржы директоры;  

2003-2004 жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының басшысы;

2004-2006 жылдары «Сарбасов» ЖК экономисті,

2006-2008 жылдары Ақжар аудандық пошта байланысы торабының басшысы;

2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2009-2016 жылдары «Абдулов» ЖК басшысы;

2016-2021 жылдары Уәлиханов аудандық пошта байланысы торабының басшысы;

2021-2023 жылдары Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы болған.

Ал осы тағайындауға дейін 47 жастағы Мұрат Абдулов Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы болған. Бұл қызметті ол 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда өткен форум аясында қала әкімі құрылыс компанияларымен 60 млрд теңгеге меморандум жасасты

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x