Тимирязев ауданындағы орталық аурухағана күрелі жөндеу қажет. Әрі жаңа орталық қазандық салу керек. Бұл туралы тұрғындар облыс әкіміне айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды аралап, тұрғынармен кездесуін жалғастыруда. Өңір басшысы Мамлют, Есіл және Тимирязев аудандарында болды. Ауыл азаматтары Ғауез Торсанұлына өз өтініштерін жеткізді. Мәселен, Мамлюткада жергілікті тұрғындар ауданның инфрақұрылымын жақсарту, спорт нысандарын салу, абаттандыруға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Аталмыш ауданда кәсіпкерлер ауылдардың дамуына септесіп отыр. Мысалы, Новомихайловкада серіктестік басшысы спорт кешенін қайта жаңғыртса, Меңкесер ауылында «Мәмбетов және К» КС өз қызметкерлеріне 7 үй салып берген.
«Есіл ауданында Николаевка ауылы жаңғыруда. Бұл туралы ауыл тұрғындарымен кездесуде айтылды. Биыл Николаевкада ұзындығы 5 шақырымнан асатын 3 негізгі көшеге асфальт төселді. А.Игібаев атындағы мектеп жанындағы интернат күрделі жөндеуден өтті», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тимирязев ауданында атқаратын шаруа жетерлік. Бастысы аудан орталығындағы аурухананы жөндеп, жаңа орталық қазандық салу керек болып отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды