Теріскейлік велоспортшылар үздік атанды

Теріскейлік велоспортшылар Азия чемпионатында үздік атанды. Жерлестеріміз Тайландтағы сайыста алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы күндері Тайландта велоспорттан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бәсекеде Қазақстан құрамасы белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрінуде. Әсіресе, ересек ойыншылардан тұратын топ қарсылас шақ келтірмеді. Велошабандоздар 60 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 13 минуттың ішінде бағындырды. Оның ішінде солтүстікқазақстандық бұрымды Махаббат Үмітжанова да бар. Чемпионатта жасөспірімдер де барларын салуда. Михаил Подлужный мен Мансұр Бейсембай бірінші орынға ие болды.

Тағы оқыңыз: Балалабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x