Балалабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Мамандардың қалтасы бұрынығыдан 30% – ға қалыңдамақ. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25% – ға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30% – ға өседі. Осылайша, Қазақстандағы 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады.

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды», – дейді департамент директоры Наталья Жұмаділдаева.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: Қиындыққа қарамай, таңдаған салаңды дөңгелетіп әкету керек – Зарыққан Абишев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x