Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 26 сәуір күні түнгі 11-лер шамасында Солнечный шағын ауданында болған. Жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 60 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«1964 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр. Оның денесінің 30-40% күйік шалған. Сондай-ақ ол иіс тиіп уланған», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт жатын бөлмеде шыққан. От 16 шаршы метр аумақты шарпыды. Барлық жиһаздар өртеніп кеткен. Баспанадан 3 газ баллоны шығарылды.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға 17 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық пен немқұрайлық себеп болған», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Өрттен зардап шеккен үй иесі бір тәуліктен соң ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт жол учаскесі әлі де жабық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *